Түркістан
EN

Шардара ауданындағы тұқымбақта 2 миллион түптен аса әртүрлі көшет өсірілуде

42
20.04.2024

Арнайы іс-сапар барысында облыс әкімі Шардара ауданына қарасты Ұзыната ауылдық округінде орналасқан тұқымбақ жұмысымен танысты. 15 гектар тәлімбақта 2 млн 300 түп көшет өсірілуде. Басқармаға қарасты Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемеде ауданға бейімделген қарағаш, қаратал, шаған, үйеңкі, туя, айлант көшеттері бар. Оларды 10 шақты маман тұрақты түрде күтіп баптайды. Аймақ басшысы ауданындағы жасыл аймақты дамыту үшін ең алдымен аудан көшелеріндегі ағаштарды реттеп, содан соң көгалдандыруды күшейтуді тапсырды.