Қорғансыздардың күні туды

34
19.04.2024 21:28

Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Бұдан былай осы сөзді айтарда ойланатын боламыз. Себебі тұрмыстық зорлық-зомбылық ешқандай жасырып-жабуға келмейтін қылмыс деп танылды. Жазасы да ауыр. Енді бұрынғыдай отбасы мүшелеріне зорлық жасағандар әкімшілік жазамен жеңіл құтыла алмайды. Қоғамда кеңінен талқыланып, парламентте қолдау тапқан заңды Президентіміз мақұлдады. Жаңа құжат 2017 жылы күшін жойған «жеңіл дене жарақаты үшін қылмыстық жауапкершілік» деген бөлікті қолданысқа қайта енгізді. Еліміздегі әр үшінші әйелдің өз отбасында қорлық көретінін ескерсек, бұл заң оларға қамқор бола ала ма? Көмекке қайда жүгінеді? Бүгінгі Ортақ мәселе осы жайлы. Әдеттегідей үш облыстағы ахуалды саралаймыз.