Ресейден тасқын судың тағы бір легі келуі мүмкін

20
19.04.2024 21:24

Ресейдегі Иреклі су қоймасынан жіберілген мол су Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына ертең сәуірдің 20-сына жетуі мүмкін деген болжам бар. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метрге жетіп қалған. Ал, қауіпті деңгей 8,5 метр. Судың аса көп мөлшері дәл осы өзен арқылы Атырау облысына да келетінін естіген жұрт қатты алаңдап отыр. Сондықтан қазір мұнайлы өңірде су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бұған дейін Жем өзені тасып, Жылыой ауданындағы үш мыңға жуық тұрғын үй суға кеткен болатын. Тасқынға қарсы жұмыстар жайлы Атырау облысындағы меншікті тілшіміз толықтырады.