Әлемге әйгілі футболшының үйін соғып жатқан қазақ

38
19.04.2024 21:22

Әлемнің әйгілі футбол командасы «Манчестер Юнайтедтің» қақпашысы Андре Онананың үйін қазақтар салып жатқанын білесіздер ме? Отандасымыз Таңғат Ертай Африка құрлығына 5 жыл бұрын барған.  Арыс қаласының тумасы бүгінде ірі  құрылыс компанияның қаржы директоры болып жұмыс істейді. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Бүгінде Арыстық азамат Африканың Камерун республикасында отбасымен бірге тұрады. Таңғат  Яунде қаласына жұмысқа  арнайы шақыртумен барған.  Ал атақты қақпашы  Андре Онана – Камерунның тумасы. Спортшы жақында ғана  туған жеріне барып, ата-анасына үй салуды жөн санапты. Ал  жауапты істі Таңғат Ертайға сеніп тапсырған.