«Таза Қазақстан» акциясы Отырар ауданында жалғасты

21
19.04.2024 21:20

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Отырар ауданы Көксарай елді мекенінің тұрғындары мен Сырдария-түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері сырдария өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Оған жергілікті төтеншеліктер де ат салысқан.