Түркістан
EN

Өңірдегі елді-мекендер құмды желден зардап шекті

220
05.11.2021

Бүгін облыстың бірнеше ауданында шаңды дауыл тұрып, жол қатынасын тежеді.  Секундына 15-20 метр күшпен соққан құмды жел Арыс, Ордабасы, Жетісай және Отырар аудандарында қоғамдық көлік аялдамаларын, билбордтар мен ағаштарды қиратқан.

Абырой болғанда,  зардап шеккендер жоқ. Шаңның кесірінен жолда қалған тұрғындарды жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қауіпсіз аймаққа шығарды. Құтқарылғандардың ішінде 2 айлық сәби де бар. Казгидромедтің хабарлауынша құмды жел 5-6 қарашаға дейін жалғасады