Түркістан
EN

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жиын өтті

2
19.04.2024

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тегін заңгерлік көмек беріліп жатыр. Түркістан облысы әділет департаментінің ұйымдастыруымен департамент басшысы Мұхит Тұрғараев Бөржар ауылында жеке қабылдау өткізді. Жиынға қорғаушылар, нотариустар, сот орындаушылар да қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ауыл халқы жер қатынастары, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен сәулет құрылысы мәселелеріне қатысты көмекке жүгінген.