Түркістан
EN

Әкім тіл жанашырларын қабылдады

116
18.04.2024

Түркістанда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинар өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Али Рустам бастап келген тіл жанашырларын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдады. Қоғам қайраткерлері мен сала мамандарының ұсыныс, пікірлерін тыңдаған өңір басшысы қаладағы нысандар мен көшелерге ат беруде бірізділік және жүйе қажеттігін айтты.