Түркістан
EN

Облыс әкімі кәсіпорындарды аралады

143
18.04.2024

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, кәсіпкерлермен кездесті. Тоған ауылындағы шаруа қожалықтың балық өсіру жұмысымен танысты. 2017 жылы құрылған шаруашылық жылына 721,6 тонна балық өндіреді. 19 адам жұмыспен қамтылған. 259 гектар жер телімінде тауарлы балық өсіретін 13 тоған бар. Одан соң өңір басшысы Ақсукент ауылындағы тігін фабрикасына аялдады. 2018 жылдың қараша айында іске қосылған өндіріс орнында арнайы формалар, әскери киімдер, төсек-орын бұйымдары тігіледі. Шағын кәсіпорын жылына 1 млн дана киім-кешек пен төсек орын бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Шикізат Ресей, Түркия елдерінен тасымалданады. Бүгінде кәсіпорын өнімдері негізінен ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр.