“Таза Қазақстан” акциясы Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жалғасты. Киелі орындар мен тарихы тереңнен сыр шертетін кесенелерге толы аймақта тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылды. Айта кету керек бұл жұмыстарға “Сырдария-Түркістан” өңірлік табиғи паркінің жергілікті тұқымбағында өсірілген көшеттер егілді. Олардың ерекшелігі неде? Әріптесім айтып берсін!
Бақытжан Қырықбай 20 жылға жуық орман шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. Негізгі мамандығы эколог болғанымен, бүгінде табиғатты көркейту ісімен белсенді айналысып жүр. Ол тұқымнан бастап өсірген шырша көшеттері бүгінде аудан аумағына таратылған. Қазір көшелерге сән беріп тұр.