Түркістан
EN

Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны қаупі сейілер емес

130
18.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында су деңгейі қайта көтеріле бастады. Әсіресе, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында жағдай күрделі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев мәлімдеді. Оның дерегінше, бүгінде облыс бойынша 14 388 адам эвакуацияланған. Арнайы пункттерге 1 073 адам орналастырылып, олар үш мезгіл ыстық тамақпен және өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етілді.