Мектеп оқушылары қолына мылтық алды, камуфляжды киім киді. Себебі Төлеби ауданында облыстық «Айбын 2024» әскери-патриоттық жиынына іріктеу сайысы өтті. Жарысқа қанша бала қатысты? Қай ауданның өрендері топ жарды. Толығырақ келесі бейне материялда.
Шеп құрып, қаз қатар тізілген оқушылар құдды бір әскерилер секілді. Басқан әр қадамы мен қимыл қозғалысы үлкен дайындықтың нәтежиесі. Оқушылар сайыстың үздігі атануға асық. Себебі топ ішінен оза шапқандар Құрлық әскерлерінің әскери институтының базасында өткізілетін халықаралық кезеңге жолдама алады.