Балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұр. Қазір аудандағы шаруалар да бұл іске ден қоя бастаған. Мәселен, Жетісайлық тұрғындар арасында да балық өсірушілер саны көбейіпті. Өйткені өңірде шаруашылыққа қажетті ағын су тасымалдайтын каналдар өте көп.
Канал суын тиімді пайдаланып отырғандардың бірі Атамекен ауылдық округінің тұрғыны Өмірзақ Маханов. Шаруа өткен жылы күзде 5 соттық аумаққа жасанды тоған жасап, 1 жарым тонна шабақ тастаған. Шардарадан алған шабақтар бүгінде шамамен 1 келіге дейін ет жинапты.