Түркістан
EN

«Менің денсаулығым – менің құқығым» атты марафон өтті

145
17.04.2024

«Менің денсаулығым – менің құқығым». Түркістанда осындай атаумен денсаулық марафоны өтті.  Игі шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақа-түрік университеті мұрындық болып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттады. Марафонға қатысушылар өз дене салмағының индексін анықтап, қан қысымы мен құрамын тексеруге мүмкіндік алды. Толығырақ тілші материалында.

Күміс Артықбаева - медицина факультетінің 5 курс студенті.  Бүгін ол «Репродуктивті денсаулық» станциясының жұмысына жауапты. Міндеті - жастарға өтпелі кезеңдегі жыныстық жетілу, ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу жайлы толыққанды мәлімет беру.