Бір реттік вейп. Бұл электронды шылымның жаңа түрінің бүгінде саудасы жүріп тұр. Ал оны шегіп жүргендердің дені оң-солын танымаған жасөспірімдер. Осылай деп, Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов дабыл қақты.
Ал біздегі мамандар бір реттік вейптің құрамы әлі толық зерттеліп бітпегендіктен, оны темекінің қай түріне жатқызарын білмей отыр. Электронды уды кәмелет жасына жетпегендердің пайдалануына жаза бар ма?