Маңғыстауға тайландтық қыз келін болып түсті. Ихва есімді Тай елінің тумасы көптің қызығушылығын тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Ихваға қазақи салт-дәстүрге сай құда түсіп, сырға салынған. Тіпті, тай келінге қазақша есім де берілген. Маңғыстаулықтар тайландтық құда-жекжатқа лайықты құрмет көрсетіп, келісімін алған. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз тай келіннің қолынан шәй ішіп келді.