Балық шаруашылығымен айналысамын деушілер Түркістан облысының Созақ ауданында да көбейіп келеді. Өңірдегі Жартытөбе ауылының тұрғыны таудан аққан бұлақ суын балық өсіруге пайдаланып отыр. Шаруа тереңдігі 2 метр тоған қазып, фарельдің 15 мың шабағын суға жіберген. Ел ауызында «мұнтаздай балық» аталып кеткен су жануары салқын суға төзімді көрінеді. Балық өсіру кәсібін қолға алған азамат осы істің қыр-сырын зерттеп, арнайы жем де алдырыпты.