Еліміздегі «Таза Қазақстан» акциясы аясында тарихи-мәдени орындар да абаттандырылып жатыр. Солардың бірі – Созақ ауданындағы Ысқақ баб кесене-мешіті. Теріскейдегі орман шаруашылығының мамандары көне жәдігердің айналасына қара тал көшеттерін отырғызды.
Ысқақ баб кесене мешіті Созақ ауданы Жартытөбе елдімекенінің іргесіндегі Баба ата ауылында. Тарихқа сүйенсек шежірелі нысанның іргетасы 8 ғасырда қаланған көрінеді. Ислам дінінің насихатшысы Қаратаудың терістігіндегі бұлақ маңына қоныс теуіпті. Сол маңайға тұрақтап, медресе салып, бала оқытқан. Зияратшылар жиі келетін орынға орманшылар 70 түп қара тал отырғызды.