Түркістан
EN

Арпаөзендегі құнды жәдігерлер қашан қорғауға алынады?

57
17.04.2024

Созақ жерінде орналасқан Арпаөзен таңбалы тастарынан аспан асты музейін жасау ұсынылды. Өңірдің тарихы кезең-кезеңімен тасқа қашалған жердің ауқымы үлкен. Сондықтан жергілікті билік сирек кездесетін тарихи ескерткішке оңкөзбен қарап отыр. Алдағы уақытта туристік нысанға айналдырып, ЮНЕСКО-ға Әлемдік мұра нысандар тізіміне енгізуді жоспарлап жатқан көрінеді. Толығырақ Балым Әлішер баяндайды. 

Арпаөзен петроглифтерінде 3,5 мыңнан аса сурет бейнеленген. Жартастан жыл мезгілдерінің ауысуы секілді табиғи құбылыстар айқын көрінеді. Қазір облыстағы жауапты өкілдер осы құнды жәдігерді сақтап қалу үшін кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Тіпті алдағы уақытта ЮНЕСКО тізіміне енгізуде жоспарда бар. Айта өтсек бұл тізімге алғашқы әрі соңғы мәрте 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енген болатын. Сондықтан жауаптылардың Арпаөзенге көңіл бөліп отырғанында үлкен мән бар.