Қазақстанда жыл сайын көлік апатынан 2 мың адам қаза табады. Ал мас жүргізушілердің кесірінен шамамен 500 көлік апаты тіркеледі. Салдарынан 100 адам көз жұмып, 600 адам түрлі дене жарақатын алады. Мәселен, былтыр көлікті мас күйде жүргізудің 22 мың дерегі анықталған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілістің жалпы отырысында айтты. Ол мас жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айыру орынды екенін және жаза жеңілдемейтінін жеткізді.