Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан нысандарда таңбалы тастағы суреттер бейнеленеді. Бұл туралы аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы ғимараттардың туристерді баурап алатын ерекше үлгіде болуы керек екенін ескертті. Қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешендегі мұнараларға Арпаөзен таңбалы тастарындағы петроглифтерді бейнелеуді ұсынды. Бұл кешеннің мақсаты – туристерді тарту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу. Қолөнершілер қалашығының жалпы аумағы – 9 мың шаршы метрге жуық. Облыс әкімі барлық нысандардың Шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керектігін айтып, жаңа құрылыс нысандарын уақытында аяқтауды тапсырды.