Түлкібас СҚО-ға көмек қолын созды

33
15.04.2024 21:27

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Түркістан облысынан гуманитарлық көмек жинау әлі де тоқтаған жоқ. Түлкібастық ағайын жылуды солтүстік өңірге жібермек. Жабағалы ауылдық округі тұрғындарының игі ісі туралы тілші сюжетінде.

Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылдық округінің тұрғындары тасқын судан зардап шекккен СҚО тұрғындарына көмек көлігін жіберді. Ауыл тұрғындарын игі іске шақырып, бастамашыл болғанның бірі Айдар Ташенов. Ал ауыл ақсақалдары мен жастары, кәсіпкерлер жылу жинауға қолдау білдірген.