Қырғызстаннан гуманитарлық көмек келе жатыр

27
15.04.2024 21:25

Тұп тура 20 күн. Елімізде су тасқыны басталғалы осынша тәулік өтті.  Апатты жағдайға тек отандастарымыз ғана емес, бауырлас елдер де алаңдаулы. Бүгін Қырғызстаннан жолға шыққан гуманитарлық көмек тиелген 7 жүк көлігі Түркістанға табан тіреді. Айырқалпақты ағайындар жіберген жылуды күтіп алуға әріптесім Қарлығаш Әзіретберген да барған еді. 

Қырғыз Республикасы еліміздің су басқан өңірлеріндегі жағдайға алаңдаушылық танытып, өз көмектерін көрсетіп жатыр. Бұған дейін Қырғызстанан  Батыс Қазақстанға көмек ретінде гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі барған еді. Ал бұл ауыр жүк көліктерінде 150 тонна жергілікті сүт өнімдері мен керек-жарақ заттар бар екен. Атап айтқанда, 10 мың литр айран, 14 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна ірімшік, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт тиелген. Азық-түлікті жинауға Қырғызстан азаматтары көмектескен. Президенттің резервтік қорынан да қосымша қаржы бөлінген.