Түркістан
EN

Петропавлда 15 ауылға су басу қаупі төніп тұр

85
15.04.2024

Солтүстік Қазақстанда тағы 15 ауылды су басу қаупі төніп тұр. Қазір тіпті облыс орталығы Петропавл қаласының өзін су басып жатыр. Мамандар Петропавл су торабындағы судың деңгейі қауіпті көрсеткіштен 380 сантиметрге асып кеткенін айтады. Есіл өзені де арнасынан асып тұр. Соколовка, Большая малышка ауылдары да тасқынның астында қалды. Тек Қызылжар ауданында ғана су деңгейі төмендей бастаған.