77 жастағы ақсақал аяқ киім тігеді. Әбдісадық Әбдіразақовтің қолына былғары мен жіп алғанына жарты ғасырдан асыпты. Қазір ол шағын бөлмені өндіріс алаңына айналдырып жіберген. Ол жерде айына 200-ге жуық аяқ киім жасалады. Отандық өнімді қолға алған ақсақалдың жұмысымен әріптесім Нұрдәулет Сыздық танысып келді.
Әбдісадық Әбдіразақов жайында естіп, жұмыс орнына арнайы бардық. Себебі ол 60 жылдан бері былғарыдан бұйым жасап, саудаға шығарады. Небәрі 17 жасында таңдаған оқуы шағын өндіріске айналды. Бүгінде ол классикалық, спорттық аяқ киім тігіп, тұрғындарға ұсынады.