Түркістан
EN

Түркістан облысында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

139
15.04.2024

Түркістан облысында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Оған мемлекет тарапынан қолдау да бар. Былтыр «ауыл аманаты» ұлттық жобасы арқылы өңірде 24 кәсіпкер 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие алып, балық өсіру ісін бастады. Солардың бірімен әріптесім тілдесіп қайтты. Жалпы балық өсіру  пайдалы кәсіп пе? Қандай қиыншылықтары бар? Тілші сюжетінен көрейік.

Құрбантай Қазиханов – Қарнақ ауылының тұрғыны. 2015 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысып келеді. Кәсіпкер былтыр серіктесі екеуі «ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 6,8 млн теңге 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алған. Қазір шаруашылығын дөңгелетіп отыр.