Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғындары іргедегі атшаптырым телімге төрт түлігін өргізе алмай қиналып отыр. Жұрттың айтуынша, өңірде жерін не өзі пайдаланбай, не халыққа, не үкіметке бермейтіндер де көп.
Олар пәленбай гектар алқаптың сыртынан айналдыра ор қазып тастайды екен. Ал бұл әрекет қаншалықты заңды? Ауылдағы ағайынның жанайқанын әріптесім Өркен Мырзабек жеткізеді.