үркістан облысы Бәйдібек ауданында «Озат ұстаз-2024» байқауы қорытындыланды. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған ұстаздар сайысына 40-қа жуық мұғалім қатысып, оның 11-і ақтық сынға іріктеліп шықты. Ой жарысында қай педагогтың асығы алшысынан түсті? Тілші бейнематериалында.
Аталған байқау Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Шамшыбек Байзақовтың 100 жылдығына арналған. Игі шара 25 жылдан бері аудан көлемінде ұйымдастырылып келеді. Содан бері жеңімпаз атанған талай ұстаз қомақты сый сияпат иеленіп, жүзден жүйрік шыққандар көлік мінген. Оған ардагер ұстаздың ұл-қыздары демеушілік етуде.