Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Түркістан облысынан гуманитарлық көмек жинау әлі де тоқтаған жоқ. Әрі облыстан 150-ден астам кәсіби құтқарушы СҚО және БҚО-да қайталама су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аймақтың аудан, қалаларында арнайы штабтар құрылып, гуманитарлық көмектер қабылдану үстінде. Түркістандықтар тіпті биыл қар кетіп, жер қарайған шақта жылдағыша наурыз тойламай, қаржысын су басқан өңірдегі ағайынға қолдау ретінде жіберіп жатыр екен.