Түркістан
EN

Жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр

52
15.04.2024

Түркістандықтар жаппай сенбілікке шығып жатыр. Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала орталығындағы саябақтарда тазалық жұмыстары жүруде. Бұған ардагерлер мен депутаттар сондай-ақ, қала жастары ат салысты. Тіпті имамдар да күрек ұстап, жер сыпырып жүр. Олардың жұмысымен әріптесім Балым Әлішер танысып қайтқан еді. Сюжеттен көрейік! 

Бүгін қала ішіндегі қым-қуыт тіршілік тазалық жұұмыстарынан басталды. Әр-әр жердегі саябақтар мен көшелерде мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер «Таза қазақстан үшін» -деп ұрандатып, қолындағы қағазды, күрек пен сыпырғыға алмастырды.  

ШАХЛО ҚУАНДЫҚОВА МҰҒАЛІМ 

Орталық «Жеңіс» саябағына келгендердің қатарында 60-ты алқымдаған қариялар да бар. Олар мемлекет басшысының жолдауына қуанғанын айтады. Өйткені «Тазалық—иманнан» деген өнегелі сөзді басты назарда ұстайтын мұсылман баласы үшін қоғамның тазалығы әрдайым маңызды дейді. 

ДӘУЛЕТ ҚҰДІРЕТҰЛЛАЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Сенбілік жұмыстары мұнан соң, имамдарға арнап ашылған Руханият саябағында жалғасты. Онда Түркістан қаласындағы 35 мешіттің имамдары келіп, ауласын сыпырып, шөбін орды. 

НҰРМҰХАММЕД ХАСАНОВ ИМАМ

Осылайша бір күннің ішінде бірнеше саябақ мұнтаздай болып, тазарып қалды. Енді еріктілер таулы аймақтарды да тазалап, көгалдандырамыз деп отыр.