"Таза Қазақстан" республикалық акциясы халқымызды бір мақсатқа жұмылдырды. Еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көктемгі тазалық пен көшет егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Акцияның "Таза өлке" деп аталатын алғашқы аптасында тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар қоршаған ортаны абаттандыруға үлес қосуда. Біздің телеарна ұжымы да игі істен шет қалмай, сенбілікке шықты.
Енді Түркістан телеарнасының айналасы саяжайға айналады. Себебі 450 шаршы метр аймаққа 20 түп көшет егілді. Талғаммен таңдалған тал-тау пістесі. Оның негізгі өсетін жері таулы аймақ. Бұл Түркістан телеарнасының алдағы жоспарын айқын бейнелейді. Себебі жаңалық жаршыларының мақсаты биік. Елге алып таудай қорған болады.
ТЕЛЬМАН БЕЙСЕНОВ «TURKISTAN MEDIА HOLDING» ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде Түркістан телеарнасы кез-келген жас, түрлі талғамдағы тұрғындар үшін 40 тан астам бағдарлама ұсынады. Аптаның 7, жылдың 365 тәулігінде күнделікті 18 сағат бойы хабар таратады. Сондай-ақ телеарна ұжымы жыл басынан бері 240 тан астам тікелей эфирде жаңалықтар легін ұсынды. 2200 ден астам оқиға мен мәселені көрсетті. Сондықтан телеарна ұжымы бүгінгі сенбіліктегі ағаш отырғызудың өзіндік бір мәні бар дейді.
МӘРИЯМ ӘБСАТТАР "ТҮРКІСТАН ТЕЛЕАРНАСЫ" ЖАҢАЛЫҚТАР БӨЛІМНІҢ ШЕФ РЕДАКТОРЫ
Сондай-ақ Түркістан телеарнасы орналасқан Алатау Медия орталығының айналасына әсем гүл де егілді. Енді бұл аймақты 50 түп пион гүлі әрлей түспек. Ғимарат аймағында тазалық жұмыстары жүрді. Сенбілікке жалпы 60 қа жуық арна қызметкері қатысты