Өлеңдер мәңгілік мұра болып қалды

79
15.04.2024 09:30

 

«Мен өлмеймін, өлеңім өлтірмейді». Бұл - оңтүстіктің «шығармашылық шырақшасы» атанған Әбілда Аймақтың сөзі. Расында, мына жарық дүниеде  оның өзі жоқ болғанымен, өлеңдері мәңгілік мұра болып қалды. Ол өлең әлемінде «ақ жауын ақын» ретінде, ал өз ортасында ақжүрек азамат ретінде өмір сүрді. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ТМД елдері бойынша интернационалист жауынгерлер комитетінің арнайы медалінің иегері болған. Көзі тірі болғанда биыл 70 жасқа толатын еді. Осыған орай Түркістанда еске алу шарасы өтті. Апталық Фараб әмбебеп-ғылыми кітапханасында шығармашылық кеш ретінде қорытындыланды. 


РОЗА НАРЫМБЕТОВА – АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ