Қытайлық инвесторлармен бірлескен жобалар жүзеге асады
56
15.04.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай делегациясымен кездесті. Басқосуда өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, тері өңдеу, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Кездесуде Қытай делегациясы тарапынан да бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен халық сұранысына сай салаларға бет бұратындарын атап өтті.
ЧАН ЧЖЭН – ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Біздің алдағы мақсатымыз Түркістан облысымен бірлесе отырып, көптеген салада ауқымды жобаларды жүзеге асыру. Бүгін сол жобалардың біразын талқылап, ортақ шешімге келеміз деген үмітпен келдік. Олардың қатарында экономика, сауда, өңдеу өнеркәсібі мен оқу-ағарту саласы бар.Сонымен қатар кездесуде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жоба аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды. Өз кезегінде аймақ басшысы Дархан Сатыбалды қытайлық компаниялардың өңірімізде бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.