Түркістан
EN

Қазақстанда бензин бағасы шарықтады

224
04.11.2021

Дизель қымбат әрі тапшы деп шулаған халық енді бензин бағасы шарықтап кетті деп дабыл қағуда.  Атап айтқанда, АИ-92 маркалы жанармай бағасы бірден 178 теңгеге көтерілді. Айта кетейік, бұл маркалы жанармайдың құны соңғы уақытта біршама тұрақты болып, литріне 168-175 теңгеден сатылған еді.

Алайда қазан айының орта тұсында оның да бағасы шарықтаған. АИ-92-мен бірге АИ-95 те қымбаттады. Оның құны 214 теңге дейін саудалануда. Сонымен қатар соңғы айларда дизель отынының бағасы өсті. Жанармай құю бекеттерінде оның құны литріне 230 теңгеден саудалануда.