Су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына Түркістандықтар жан-жақты көмектесіп жатыр. Осы уақытқа дейін тұрғындар үздіксіз гуманитарлық көмек жіберіп келсе, бүгін су тасқынына қарсы бөгет салуға қажет ауыр техникалар жіберілмек. Олардың жалпы саны 100-ден асып жығылады екен. Толығырақ дәл қазір тікелей байланысқа қосылатын әріптесім жалғастырсын.