Түркістан
EN

Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті

310
12.04.2024

Ғалымдар отанымыздың ғылыми-техникалық даму көшін бастауы керек. Себебі, ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады. Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басщысы ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды екенін айтты. Қазір Парламентте «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Бұл заң ғылымның дамуына зор серпін береді деп сенемін. Жалпы білім мен ғылымға озық халықаралық тәжірибе ауадай қажет», - деді Президент.