Қазақтан шыққан тұңғыш әйел суретші Гүлфайрус Мәнсұрқызының туылғанына биыл 95 жыл. Қылқалам шебері оннан астам сүйекті туындының авторы. Бүгін Түркістан қаласында өнер адамының құрметіне орай «Өнері өрге жүзген» мәдени шарасы өтті. Бас қосуға суретшілер, зиялы қауым өкілдері мен жастар жағы жиналған. Мақсаты - ұлы тұлғаны ұлықтау, еткен еңбегін нәсихаттау.