Шығыс Қазақстанда лай көшкіні жүріп, жолдар жабылды. Оқиға «Мраморное» асуы маңында болған. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысына шектеу қойылды. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.