Түркістан
EN

«Белсенді демалыс» саябағы салынуда

149
12.04.2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қаланың тазалығы мен инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын тексерді. Жаңа қала аумағынан «Бекзат» шағынауданына дейінгі аумақты аралап шығып, «Белсенді демалыс» саябағындағы жұмыс барысымен танысты. Өңір басшысы бұл саябақ туристік орталыққа айналуы тиіс дей келе, мердігерге жұмысты сапалы әрі уақытылы атқаруды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыс қарқынын қадағалады. Жауаптыларға шаһарды абаттандыру, ескі қала инфрақұрылымын жақсарту, жаңа нысандармен толықтыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.