Қожа-Ахмет Ясауи кесенесінің біз білмейтін тағы бір құпиясы бар болып шықты. Мен-мұндалап тұрған бұл сырды сіз бен біз күніге көріп жүрміз. Тек мән бермеген көрінеміз. Ғалымдардың айтуынша, оны тек көзі ашық, көкірегі ояулар ғана аңғарады екен. Әріптесім Балым Әлішер зерттеп көрді.
Сіз осы кесенелерді көргенде пішінін неге ұқсатасыз? Әңгіме осы туралы өрбімек. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың құрметіне салынған 14 ғасырдағы ғимараттың сәулеттік тағы бір ерекшелігі мәлім болды. Яғни Кесене қызғалдаққа ұқсатып салынған екен. Қызғалдақ пен кесенені байланыстырып тұрған нендей сыр.