Жаңа жыл қарсаңында елдегі азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша қымбатшылық бағаның маусымдық ауытқушылығынан болуы мүмкін.
Ал, кәсіпкерлер министрдің сөзін жоққа шығарды. Егер Қытаймен шекара ашық болса ешқандай да қымбатшылық болмайды,- дейді. Тақырыпты толығырақ тілшіміз тарқатады.