Тасқын судан зардап шеккен өңірлерге көмек беру әлі де жалғасып жатыр. Бүгін Түркістаннан батысқа тағы да гуманитарлық көмек жіберіледі. Оған қарапайым жұртшылық пен халық қалаулылары мұрындық болған. «Сауран» секторының тұрғындары 15 тоннадан аса керек-жарақты небәрі 2 күнде жинаған. Енді жылу тиелген жүк көлігі Құлсары қаласына жол тартады.