Күн жылына бастағаннан кенелер де жыбырлап оянады. Түркістан облысында былтыр 1623 адамды кене шағып оның 13-інің ауруы зертханалық расталған. Ал 1 науқас көрсетілген ем-шараларға қарамастан қайтыс болған. Мамандар сондықтан да тұрғындарды жеке қорғаныс шараларын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ жауапы мамандар аурудың алдын алу үшін облыста жыл сайынғы кенеден өңдеу жұмыстарын бастап кетті.