250 ден астам жоба, 1,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие. Бұл - Жетісай ауданындағы «Ауыл аманаты» ұлттық жобасының 2023 жылғы жетістігі. Бүгінде осы арқылы өңір тұрғындары кәсіп бастап, тұрмыс жағдайын жақсартып отыр. Солардың бірімен тілшіміз тілдесіп қайтқан болатын. Сюжетке назар аударайық.
Қоныс Сапаров - Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округінің тұрғыны. Ол өткен жылы ұлттық жоба арқылы қаржы алып, сүтті бағытта мал шаруашылығын дамытып отыр. 6 бас ірі қарасын арнайы көршілес Жамбыл облысынан алып келген. Бүгінде сүтін жергілікті фермаға өткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.