«Индиго 24» Evolution Corpоration» қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Іс 950 томнан тұрады. 26 адамға айып тағылған. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары. Қазіргі таңда күдіктілердің бірі әлі іздестіріліп жатыр.
Тергеуге бес облыстан 30 тергеуші, 7 арнайы прокурор қатысып, сарапшылар және аудармашылар тартылған. Бір жылдан астам уақытқа созылған тергеу барысында айыпталушылардың бес өңірде тұратын екі мыңнан астам адамды алдап, миллиардтаған ақшаны алғаны толық дәлелденген.