Елімізде су басқан аймақ тұрғындарына көмек беру жалғасуда. Түркістанда бұған дейін халық қалаулылары, қайырымды азаматтар мен қарапайым тұрғындар Атырау маңындағы ауылдарға жылу жинауды бастаған болатын. Қазір қанша гуманитарлық көмек жиналды? Ол қай өңірлерге жіберілмек. Дәл қазір сонда біздің тілшіміз Нұрдәулет Сыздық та жүр. Нұрдәулет, сөз кезегі өзіңде.