Түркістан
EN

Ақтауда итбалықтар жаппай қырылып жатыр

176
10.04.2024

Каспий теңізі жағасында қырылған итбалықтар саны азаяр емес. Бүгінгі есеп бойынша өлексе саны-103-ке жетті. Теңіз жануарларының неден қырылғаны белгісіз. Экология департаменті су сынамаларын алды, Ветеринариялық станция мен гидробиология және экология институтының қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін ішінара іріктепті. Ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы тиісті зерттеулер жүргізу үшін азу, тырнақ және жүн сынамаларын алған. Зерттеулердің қорытындысы әлі дайын емес. Балық инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орынға шықты. Каспий теңізінің жағалау аймағында мониторинг жалғасып жатыр.