Ақтөбеде ішімдікке салынған ана, кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен. Жауапсыздығы үшін ол енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Оған қоса ата-ана құқығынан да айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда 5 пен 14 жас аралығындағы перзенттері өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылған. Оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілуде.