Түркістан
EN

Жеміс бауына жаңа көшеттер отырғызылды

179
10.04.2024

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясына арыстықтар да ат салысуда. Олар 65 соттық аумаққа жеміс көшеттерін отырғызған. Алма, өрік, жаңғақ, тұт, жиде сынды жеміс бауы қалаға кіреберісте, Арыс өзені жанында орналасқан. Олардың өсіп-өнуі үшін автоматтандырылған суғару жүйесі де орнатылған. Жалпы Арыс-Шымкент, Арыс – Шардара тас жолы жиегін абаттандыру жұмысы бүгінде нәтиже беріп келеді. Осылайша, жазық дала жасыл желекке айналуда.