Түркістан облысының егістік алаңдарында жұмыс қызу. Қазір шаруаларға «Оңтүстік» инвестициялық аймағы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы қолдау көрсетіп жатыр. Аймақ басшысының осы салаға жауапты орынбасарына қаржы ұйымдарының басшылары шаруаларды қолдау бойынша есеп берді. «Ырыс» микроқаржы ұйымы өткен жылы 883 жобаға 5 млрд.тан астам қаржы бөліпті. Сондай-ақ «АгроБизнес» және «Кең Дала» бағдарламасы бойынша 400-ден астам жоба қаржыға қол жеткізіп, шаруаларын дөңгелетуге мүмкіндік алған.